2026 жылғы алғашқы магниттік дауыл 3 қаңтардың түнінде соғуы мүмкін

АСТАНА.KAZINFORM - 2026 жылғы алғашқы магнитті дауыл 2-3 қаңтар түнінде болып, G3 деңгейіне (күшті дауыл) жетуі мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

Магнитная буря на Земле длится уже около 36 часов
Фото: ТАСС

Ресей Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы ғалымдарының мәліметінше, 31 желтоқсанда M7.1 қарқындылығымен күннің жоғары жарқырауы болды, бұл магниттік дауыл тудыруы мүмкін.

- Дауыл G2 қарқындылығына (орташа оқиға) жетеді деп болжанды. G3 немесе одан жоғары қарқындылықтағы күшті дауылдың ықтималдығы шамамен 30% құрайды, - делінген институт хабарламасында.

Сонымен қатар, болжам карталарына сәйкес, магниттік дауыл 3 қаңтарда соғады.

Жаңа жыл мерекесі кезінде геомагниттік жағдай баяу болады.

- Алдағы бірнеше күнді қоспағанда, айдың бірінші жартысы жасыл, кейде сары түстермен боялады, - деп түсіндірді зертхана.

Айта кетейік, ғалымдар Жерден тағы бір магнит толқынын анықтады.

Соңғы жаңалықтар