2026 жылы Ақтөбеде логистикалық хаб ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміз Түркиямен бірлесіп Ақтөбеде логистикалық хаб ашпақ. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлім етті.

Нурлан Жакупов
Фото: Видеодан скрин

— Бүгін Анкара қаласына сапар барысында S Sistem түрік логистикалық компаниясы басшылығымен кездесу өтті. Кездесуде біздің логистикалық және транзиттік әлеуетті талқыладық. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының еншілес компаниясы S Sistem компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрып жатыр. Бірлескен жоба бойынша Ақтөбе әуежайында логистикалық хаб салынады, — деді Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша, аталған жоба келер жылдың соңына дейін іске қосылады. 

— Жоба бір жағынан біздің транзиттік әлеуетімізді арттырады, екіншіден қазақ-түрік қарым-қатынасын нығайтады, — дейді ол.

Айта кетейік, қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда ресми сапармен жүр. Бүгін Президент S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасымен кездесті. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сапар барысында YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады

Бұған дейін түркиялық компания отандық агрожобаларға 160 млрд теңге инвестиция құятыны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар