2026 жылы үш бірдей топтық су құбыры қолданысқа беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында биыл үш бірдей топтық су құбыры қолданысқа берілетінін мәлім етті.

2026 жылы үш бірдей топтық су құбыры қолданысқа беріледі
Фото: Алматы әкімдігі

– Су ресурстары министрлігі жыл соңына дейін 142 ауылды ауызсумен қамтамасыз ету деңгейін жақсартуға арналған 12 жобаны іске асырсын. Осы жылдың 30-шы шілдесіне дейін Түркістан облысындағы Шардара топтық су құбырын пайдалануға беру қажет. 15-ші қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын жаңғырту жұмыстарын аяқтау керек, - деді Премьер-министр.

Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне республикалық бюджет есебінен іске асатын сумен жабдықтау жобаларын уақтылы қаржыландыруды тапсырды.

– Кәріз-тазарту нысандарын жаңғырту үшін несие тарту мәселесінде әкімдіктерге әдіснамалық көмек көрсетілуге тиіс, - деді ол.

Сондай-ақ бүгінгі Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сырдариядан келетін судың азайып жатқанын «объективті шындық» деп сипаттады. 

Соңғы жаңалықтар