04:27, 01 Желтоқсан 2024 | GMT +5
2034 жылғы әлем чемпионатының финалы Эр-Риядта өтеді – FIFA
АСТАНА. KAZINFORM – 2034 жылғы әлем чемпионатының финалы Эр-Риядтағы Король Салман атындағы стадионда өтеді. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының есебінде айтылды.

Сауд Арабиясы 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге жалғыз үміткер. Бұған дейін Аустралия мен Индонезияның турнирді өткізуге бірлескен өтінім беруді жоспарлағаны хабарланған, бірақ кейін Индонезия бас тартқанын жариялап, Сауд Арабиясының өтінімін қолдады.
Кейінірек Аустралия да 2034 жылы әлем чемпионатын өткізу идеясынан бас тартты.
Баяндамада ашылу және финалдық матчтарды өткізу үшін тек Король Салман стадионы ұсынылған.
Барлығы болып бес қаладағы 15 арена турнирлік ойындарға таласуда.
Айта кетейік, FIFA 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының кубогын таныстырды.