2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім қабылдау аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Германия, Венгрия, Үндістан, Қатар, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы және Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) күні мәлімдеді, деп хабарлайды Xinhua.

Берлин 2036 жылғы Олимпиадаға берген өтінішін қайтарып алмақ
Фото: ҰОК

Елдер тізімі 6 қазанда жарияланған алғашқы мәлімдемемен салыстырғанда өзгермеген. 31 қазанда аяқталған өтінім қабылдау мерзіміне дейін басқа бірде-бір елдің ұлттық олимпиада комитеті қызығушылық білдірмеді.

— Бұл — «Болашаққа дайындық» бағдарламасы аясында енгізілген өзгерістерге сәйкес таңдалатын алғашқы Олимпиада ойындары, — деді ХОК мүшесі әрі Олимпиаданы өткізуге лайықты қаланы таңдау жөніндегі комиссия төрайымы Колинда Грабар-Китарович.

Оның айтуынша, 2036 жылғы Олимпиаданы өткізуге көптеген елдің қызығушылық танытуы әлем мемлекеттерінің бұл ойындардың жергілікті қоғамдастық үшін әлеуметтік және экономикалық маңызын мойындайтынын көрсетеді.

Грабар-Китарович ХОК алдағы уақытта Олимпиаданы өткізу жөніндегі ұсыныстарын әзірлеу барысында аталған 7 тараппен де ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.

Айта кетейік, 2032 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемасы таныстырылды.