21 мамыр күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 21 мамыр күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pixabay

9.30-да The St. Regis Astana қонақ үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да көрнекті қоғам қайраткері, түркітанушы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлының 85 жылдық мерейтойына арналған «Дала өркениеті: тарих, мәдениет, сабақтастық» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.

11.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың таралуына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасының проблемалық мәселелері» тақырыбында отырыс өтеді.

11.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» баспасөз конференциясы өтеді. 

18.30-да Forte Kulanshi Art Space орталығында суретші Лейла Махаттың MENMIN жеке көрмесі ашылады.

Соңғы жаңалықтар