21 жастағы хромтаулық азамат көршісінің көлігін айдап кетіп, соғып тастады

АҚТӨБЕ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Хромтаудың тәртіп сақшылары көлікті айдап кету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
None
None

6 тамыз күні Хромтау АІІБ-нің кезекшілік бөліміне 24 жастағы жергілікті тұрғын келіп, көршісі достарымен бірге оның көлігін тартып алып, айдап әкеткендігі туралы айтты.

4 тамыз күні оның 21 жастағы көршісі дүкеннің қасына көлікпен келуді сұрады, екінші өтініші - көлікті оған сыйлау болды. Одан бас тартқан жігітті көршісі мен достары қорқыта бастаған, одан кейін итеріп жіберіп, 1992 жылғы «Ауди Б4» көлігін айдап кетті.

Көлікті өзіне қайтарады деп сенген жәбірленуші полицияға тек бір күн өткен соң келді. Жедел шараларды өткізу барысында Хромтау АІІБ-нің қызметкерлері көлікті Сарсай кентіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің ауласынан тапты. Көлік соғылған болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 185-бабы (Көлікті заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті азамат бұған дейін қарақшылық, ұрлық және бұзақылық жасағаны үшін сотталған.

Оның қасында болған адамдар, Хромтаудың 28 және 30 жастағы тұрғындары да анықталып, ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар