23 қарашада Brent мұнайы арзандап, Urals қымбаттады

АЛМАТЫ.KAZINFORM — Дүйсенбі, 23 қарашада әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

23 қарашада Brent мұнайы арзандап, Urals қымбаттады
Фото: Kazinform\ЖИ

Oilprice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,57%-ға төмендеп, барреліне 92,04 доллар болды.

WTI маркалы мұнай 0,48%-ға арзандап, барреліне 83,01 доллар болды.

Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы керісінше 3,02%-ға өсіп, барреліне 73,93 долларға жетті.

Таяу Шығыстағы жағдай әлі де мұнай бағасына әсер етіп жатыр. Парсы шығанағындағы кемелерге жасалып жатқан шабуылдар шикізат жеткізіліміне қатысты қауіп-қатерді күшейтіп отыр.

Бұған дейін Иранның әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазының шығысында теңіз минасына жарылған екі мұнай танкерінен өрт шыққанын хабарлаған еді.

Өңірдегі шиеленіске қарамастан, қақтығысты реттеу бойынша дипломатиялық әрекеттер жалғасып жатыр. Бұған дейін Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казым Гарибабади Тегеран мен Вашингтонның үшінші елдердің дипломатиялық байланыстарды жалғастырып жатқанын мәлімдеген еді.