23 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

23 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: ҚазАқпарат ХАА

9.00-де Алаш көшесі, 138 мекенжайындағы Ұлттық спорттық көгершін шаруашылығы клубы бірнеше номинациялар бойынша әуесқой және спорттық тұқымдар көрмесін өткізеді. Мұндай көрме елордада алғаш рет өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық облысынан келген әуесқой көгершін өсірушілер қатысады.

10.00-де «Аспан» спорт кешенінде семсерлесуден «Астана қылышы» ашық республикалық турнирі өтеді.

12.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармаларының 6-8 томдарының тұсаукесері және «Таласбек-2023» сыйлығының қорытынды кеші өтеді.

13.00-де Триатлон паркте «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы елорда жасөспірімдері арасында жеңіл атлетика марафонын ұйымдастырады.

14.00-де М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі UNICEF Talks Jastar Üni жастар конференциясын өткізеді.

17.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «FORTE TRIO» мемлекеттік триосының қатысуымен композитор, пианист, дирижер Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына арналған вокалдық және аспаптық музыка концертін өткізеді.

19.00-де Жас көрермендер музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.

Соңғы жаңалықтар