23 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, республикалық маңызы бар мына жолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы).
Ақмола облысы
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы төлем алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы
• «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 92-164-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем алу пункті).
Павлодар облысы
• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, синоптиктер 23 наурызда Қазақстанның 16 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.