12:25, 08 Қазан 2012 | GMT +5
23 жастағы жігіт әжесін ұрып өлтірді - Ақтөбе
АҚТӨБЕ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Кобозев көшесінде орналасқан өз үйінде 63 жастағы зейнеткер әйелдің зорлық белгілері бар мәйіті табылды.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, патрульдік полиция батальонының жасағы көп ұзамай жәбірленушімен бірге тұрған оның 23 жастағы немересін қолға түсірді. Ұсталған азамат араларында туындаған ұрыс кезінде әжесін ұрып-соққанын айтқан.
Күдіктінің сөзіне қарағанда, туған әжесі оның үйге мас келгені үшін ренжіген, соған ашуланған азамат егде жастағы әйелді тепкілеп, ұрып-соққан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлімімен («Адамның өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Ақтөбе қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамалды.