24 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 24 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

8.30-да Конгресс орталықта әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы орталықазиялық құрылтайы өтеді.
9.00-де Назарбаев университетінде Денсаулық сақтау менеджерлерінің үшінші республикалық форумы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев.
https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
12.00-де ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімді түсіндіруге арналған баспасөз брифингін өткізеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-
ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде этнограф, публицист Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығына арналған «Ғылымда өшпес із қалдырған» атты естелік дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
15.00-де паракаратэден инклюзивті Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.
17.00-де Nomad City Hall сахнасында өнертабыс саласындағы жетістіктер бойынша «Шапағат-2023» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.