24 қарашада Brent мұнайы 89 долларға дейін түсті

АЛМАТЫ.KAZINFORM - Сейсенбі, 24 қарашада әлемдік мұнай нарығында баға төмендеді.

5 қарашада әлемдік мұнай бағасы төмендеді
Фото: Kazinform\ЖИ

Oilprice.com мәліметінше, WTI маркалы мұнай барреліне 80,21 доллардан саудаланды. Оның бағасы 0,04 долларға немесе 0,05%-ға өсті.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,09 долларға немесе 0,10%-ға төмендеп, барреліне 89,28 доллар болды.

Ал ресейлік Urals маркалы мұнай керісінше 0,39 долларға немесе 0,53%-ға қымбаттап, барреліне 74,32 долларға жетті.

Мұнай бағасына Ормуз бұғазы арқылы шикізат тасымалдаудағы іркіліс қаупі әсер етіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Иранның әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазының шығысында теңіз минасына жарылған екі мұнай танкерінен өрт шыққанын хабарлаған еді.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казым Гарибабади Тегеран мен Вашингтонның үшінші елдердің араағайындығымен дипломатиялық диалогты жалғастырып жатқанын мәлімдеген еді. Дипломатиялық байланыстарға қарамастан, тараптар қақтығысты тоқтату шарттары мен Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы режиміне қатысты ортақ келісімге келген жоқ.