24 мамыр күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 24 мамыр күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Күнтізбе
Фото: Pyxabay.com

9.00-де UMC базасында Ана мен бала орталығында «Жас аспектісіндегі гинекологиялық эндокринология» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. 

9.30-да С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Қытай Халық Республикасының Ғылым және технологиялар вице-министрі Чен Цзячан мен Харбин ветеринарлық зерттеу институтының профессорларының кездесуі өтеді. 

10.00-де Достық үйінде Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы алғаш рет «Ұлы дала тарихының жазбаша мұрасы» көрмесін өткізеді.

12.00-де Қазгидрометте қуаңшылықұа болжам туралы брифинг өтеді. 

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Таза Қазақстан»: өңірлердегі экологиялық ахуал және ағаш отырғызу туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де Заңнама және құқықтық ақпарат институты ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп «Жасанды интеллект және құқық: Қазақстан Республикасы мен шет елдердің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

15.00-де Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің шығармашылығына арналған «Бар байлығым — кітаптарым» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 

16:00-де ЭКСПО орталығында Astana Venture Club-тың бірінші мерейтойы өтеді. 

19.00-де «HAS SANAT» өнер галереясында қытайлық суретші Лу Линнің «Орманның арғы жағы» көрмесінің ашылуы болады.

Соңғы жаңалықтар