24 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның дерегінше, 2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 08:00–ден бастап республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс жанданды.
Батыс Қазақстан облысы
• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 393-526-шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы).
Ақтөбе облысы
• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-702-шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Маржанбұлақ ауылы).
Жылдамдық шектеуі
2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 14:00–ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 «Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 18–232-шақырым аралығында (Астана қаласы — Щучинск қаласы) барлық көлік түрі үшін жылдамдық 110 шақсағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.
Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Жабық жолдар
2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 06:00–де ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысындағы «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1522-1806-шақырым аралығында (№ 99 станция — Қызылорда қаласы) барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жол шамамен 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 12:00–де ашылады.
Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты KAZ 19-02 «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма ауылы — Достық станциясы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Павлодар облысында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
Еске салайық, бұған дейін 24 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болатынын хабарлағанбыз.