25 қаңтарда елдегі қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

дорога закрыта, снег, автомобиль, метель, боран, қар, грузовые машины
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 25 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-473, 492-522-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін, Мамлютка айналма жолынан РФ шекарасына дейін);

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 729-856-шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-946-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейін);

• «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 50-280-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан РФ шекарасына дейін);

• «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-196-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);

• «Қостанай – Мамлютка» автожолының 226-406-шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Мамлютка қаласына дейін);

• «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» автожолының 11-73-шақырымы (Петропавл қаласынан РФ шекарасына дейін);

• «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 0-31-шақырымы (Петерфельд ауылынан Новокаменка ауылына дейін);

• «Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское» автожолының 0-228-шақырымы (Булаево қаласынан Рощинское ауылына дейін);

• «Рощинское – Корнеевка – Волошинка» автожолының 0-87-шақырымы;

• «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автожолының 0-119-шақырымы;

• «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» автожолының 0-24-шақырымы;

• «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32-шақырымы;

• «РФ шекарасы – Петропавл» автожолының 0-120-шақырымы.

Қостанай облысы

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-729-шақырымы (Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейін);

• «Мамлютка – Қостанай» автожолының 180-403-шақырымы (СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін);

• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232-шақырымы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 418-539-шақырымы (Қостанай қаласынан Қарабалық кентіне дейін).

Ақмола облысы

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304-341-шақырымы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

• «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 2-50-шақырымы;

• «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61-шақырымы;

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 856-917-шақырымы (СҚО шекарасынан Жақсы кентіне дейін);

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-595-шақырымы;

• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260-шақырымы.

Жетісу облысы

• «Үшарал – Достық» автожолының 84-164-шақырымы (Көктұма кенті — Достық стансасы).

Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Еске салайық, Қазақстанның 12 облысында және екі мегаполисте ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар