23:10, 24 Мамыр 2024 | GMT +5
25 мамыр күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 25 мамыр күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Астана қаласы мәслихатының «Астана қаласында балалар лагерлері мен балалар демалысын дамыту» тақырыбында қоғамдық тыңдауы өтеді.
13.45-де Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовтың Қазақстанға ресми сапары өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық архивінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, өнертанушы, мәдениеттанушы, тілші, шоқантанушы, эпостанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Әлкей Марғұланның әлемі» атты құжаттық көрменің ашылу салтанаты өтеді.