26 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 

26 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық тұр
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірдегі жолдарда қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 1013-1062-шақырым аралығында (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті учаскесі) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысы

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автомобиль жолының 910-1002-шақырым аралығында (Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы учаскесі);
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 971-1013-шақырым аралығында (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Жетісу облысы

• «Үшарал – Достық» автомобиль жолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма станциясы – Достық станциясы учаскесі) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Қостанай облысында «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автомобиль жолының 539-418-шақырым аралығында (Қостанай қаласы – Қарабалық кенті учаскесі) жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышпен жабдықталған автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Ал Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 26 желтоқсанда Қазақстанның 15 облысында ауа райы қолайсыз болатынын ескерткен еді.

Соңғы жаңалықтар