08:54, 07 Қараша 2013 | GMT +5
27 жастағы азамат 3 жасар сәбиді азапқа салған
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 қараша. ҚазАқпарат - Текелі қаласының тұрғыны полицияға үш жасар баласы тәрбиешінің үйінде соққыға жығылып, ауруханаға түсті деген арызбен келді.

Тексеру барысында анықталғандай, әйел өз баласын Ескелді ауданы Қаратал ауылында тұратын танысының үйіне беріп жіберген. Сол үйде бірнеше күн болған бала ауруханаға түсті.
Кішкентай баланы азаптады деген күдікпен тәрбиешінің 27 жасар ұлы ұсталды.
Полицейлер сараптама тағайындады. Соның қорытындысы бойынша процессуалды шешім шығарылады.