28 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 

мороз, погода, снег, дождь со снегом, закрыта дорога, жол жабық, ауа райы, қар, жанбыр
Фото: Алина Тулеубаева / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 09:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады:

Ақмола облысы

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 337-595-шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін);
• «Қостанай – Әуликөл – Сұрған» автожолының 232-260-шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);
• «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82-шақырым аралығы (Жақсы елді мекенінен Бұзылық елді мекеніне дейін);
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 16-419-шақырым аралығы (Астана қаласынан СҚО шекарасына дейін);
• «Астана – Қорғалжың» автожолының 19-124-шақырым аралығы (Астана қаласынан – Қорғалжың ауылына дейін).

Cолтүстік Қазақстан облысы

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 834-856-шақырым аралығы (Чистополье ауылынан – Ақмола облысы шекарасына дейін)
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-624-шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейін)

Қостанай облысы

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377-шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін)
• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 218-23-шақырым аралығы (Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

Жабық жолдар

Жетісу облысында ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) «Үшарал – Достық» автомобиль жолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма станциясы – Достық станциясы учаскесі) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Ал тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Ал Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Еске салайық, бұған дейін 28 желтоқсанда еліміздің басым тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар