29 тамызда ШҚО-да ауқымды шаралар өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2014 жылы 29 тамызда ШҚО-ның Семей және Курчатов қалаларында «Невада-Семей» Халықаралық ядролық қаруларға қарсы қозғалысының 25 жылдығына арналған ауқымды шаралар өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Шараларға бейбітшілік пен қарусыздануды насихаттау бағытында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері: Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), БҰҰ, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, Жалпыға бірдей ядролық сынақтарға тыйым салу шарты ұйымының (ОДВЗЯИ), «Парламентшілер таратпау және қарусыздану үшін», «Мэрлер бейбітшілік үшін», «Дәрігерлер ядролық соғысты болдырмау үшін», «Атом» жобасы. «Невада-Семей» халықаралық қозғалысынан шараға Америка, Еуропа, Азия өкілдері қатысады.

Құрметті қонақ ретінде АҚШ, Ресей, Беларусь, Корея Республикасы, ҚХР-дың Төтенше және өкілетті елшілері шақырылды.

Кездесу аясында Семей және Курчатов қалаларында экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланған.

Негізгі шара «Невада-Семей» халықаралық қозғалысына - 25 жыл. Ұлттық трагедиядан ұлттық мақтанышқа дейін» халықаралық конференциясы болмақ. Ол Семей қаласында Абай атындағы театрда өтеді.

Полковничий аралында «Өлімнен де күшті» монументіне, Бейбітшілік стеласына дәстүрлі түрде гүл шоқтары қойылады. Бұл монументтер ядролық жанталаса қарулануға қарсылықтың символы.

Еске сала кетейік, Семей полигонының жабылуы, Ядролық қарудан бас тарту, Орталық Азияның ядролық қарудан азат аймақ деп жариялануы, 29 тамыздың Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы Елбасының ұсынысы сынды тарихи оқиғалар Семейде болды және ол Семей аймағымен тығыз байланысты.

Сондай-ақ шара аясында «Бүкіл әлемдегі бейбітшілік - адамзаттың болашағы жолында» тақырыптық концерті ұйымдастырылды. Қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсететін концертке 10-15 мың адам қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар