3 ақпанда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты, атап айтқанда «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавл – РФ (жаңа Жол ө/п)» автожолының 18-232-шақырымында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық режимі 140 шақ/ сағ-тан 110 шақ/сағ-қа өзгерді.
Жабық жолдар
Қарағанды облысы
• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 592-750-шақырымы, Балқаш қаласы – Жамбыл облысы шекарасында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Павлодар облысы
* «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысы
* Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, синоптиктер 3 ақпанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады.