3 қалада жылу көздерін жаңғырту үшін 25 млрд теңге бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің үш қаласындағы жылу көздерін жаңғырту үшін 25 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов айтты.

бюджет
Коллаж: Kazinform; Freepik

— Осы айда мен Астана, Көкшетау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғырту үшін резервтен 25 миллиард теңге бөлу туралы қаулыға қол қойдым. Үкімет осы қаражаттың тиімді жұмсалуын және одан алынған нәтижені бақылайтын болады, — деді ол Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ Олжас Бектенов қазірдің өзінде кейбір өңірлерде жұмыстардың кешіктіру қаупі байқалып отырғанын атап өтті. 

— Мәселен, Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Маңғыстау облысында «МАЭК-тің» 2-ші Жылу орталығындағы турбинаны жөндеу тиісті жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясына берілген. Қостанай облысында Рудный жылу электр орталығындағы турбинаны жөндеу 10-шы сәуірден бері басталған жоқ. Арқалық жылу станциясындағы қазандық бойынша да осындай жағдай қалыптасып отыр. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстарының қарқыны да тым баяу. Мұндай кемшіліктер өңірлердің бәрінде дерлік кездеседі, — деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар