3 қаңтарда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 3 қаңтар күні сағат 08:00–дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді:
Ақтөбе облысы
• «Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-257-шақырымы (Қандыағаш қаласы — Шалқар қаласы);
• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 104-337-шақырымы (Қандыағаш қаласы — Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы
• «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы — Сағыз ауылы).
Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Жабық жолдар
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 2026 жылғы 2 қаңтар сағат 21:45–тен бастап Ақтөбе облысында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды:
• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965-шақырымы (ЭКО ойл жанармай құю станциясы — Қарабұтақ кенті).
Ал «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Жерорта теңізі аймақтарынан келген циклон өтетінін, осыған байланысты республиканың көп бөлігінде қар жауып, боран соғатынын ескерткен еді.