3 мыңнан астам мектепте тексеру жүргізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін 3025 білім беру ұйымын айқындады.

мектеп, оқушы
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Министрлік мәліметінше, биыл бірінші жартыжылдықта білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер 1170 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жүргізді.

Іс-шаралар білім беру процесіндегі проблемаларды анықтауға, білім беру процесінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған.

- Өткен жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі тексеру жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақsтылы аяқталмауы, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмеуі фактілері анықталды, - деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Айта кету керек, бақылау іс-шараларын жүргізу білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын, оның ішінде педагогтердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Алматыдағы мектеп асханасында санитарлық нормалар сақталмағанын жазған болатынбыз.

Ең көп мектеп қай өңірде салынғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар