3 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» бірқатар бағыт бойынша қозғалыс жанданғанын хабарлады. Алайда кейбір жолдарда қозғалысқа әлі де тыйым салынып отыр. 

жол
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 3 желтоқсанда келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:

Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240-шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл жанармай стансасы — Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362-шақырым аралығында (Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейін).

Павлодар облысы

Республикалық маңызы бар «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы (Шарбақты ө/п)» автожолының 0-112-шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар қаласынан — РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін үшін қозғалыс ашылды.

Сондай-ақ төрт өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде.

Ақмола облысы

Республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді. Бұл шара ауа райының бұзылуына, температураның төмендеуі, көктайғақ, ұсақ қардың жаууына байланысты енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман — Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Ауа райы

2025 жылғы 3 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райы күрт өзгеретінін ескерткен еді.

Соңғы жаңалықтар