30 қарашада ел бойынша қай жолдарда шектеу бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 29 қараша сағат 22:30-дан бастап Ақмола облысында республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 19-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді. Бұл шара ауа райының бұзылуына, температураның төмендеуі, көктайғақ, ұсақ қардың жаууына байланысты енгізілді.

Сондай-ақ үш өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 30 қарашада ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар