15:00, 03 Тамыз 2024 | GMT +5
30 мың қорап темекі әкеле жатқандар шекарада ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарашылары темекі өнімдерін заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті.


3 тамызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын (30 мың қорап) әкеле жатқандарға тосқауыл болды.
Ілеспе құжаттары жоқ темекі өнімдерін халық тұтынатын тауарлар түрінде алып өтпекші болған.
Жүк одан әрі қарау үшін тиісті органға берілді.