30 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, автожол, жол жабық, боран, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 09:00-ден бастап келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылады:

Ақтөбе облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240-шақырым аралығы («ЭКО ойл» ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

• Осы автожолдың 1240-1362-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).

Маңғыстау облысы

• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық маңызы бар автожолының 332-632-шақырым аралығы (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы).

Жабық жолдарАуа райының қолайсыздығына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды:

Ақмола облысы:

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» 135-280-шақырым (Астрахан кенті – Атбасар қаласы);

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» 18-232-шақырым; (Астана – Щучинск);

• осы жолдың 232-304-шақырымы;

(Щучинск – Көкшетау);

• «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 35-51 шақырым(Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы);

• «Астана – Қорғалжың» 36-180-шақырым;

(Ақмол ауылы – Қаражар ауылы);

 • KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы» 30-92-шақырым;(Жібек жолы кенті – Анар станциясы);

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» 16-135-шақырым (Астана – Астрахан);

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» 16-200-шақырым (Астана – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» 200-254-шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті).

Қарағанды облысы 

• «Астана – Қарағанды – Алматы» 164-197-шақырым (Теміртау ЖБӨ – Қарағанды);

• «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» 51-101-шақырым(Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті);

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 788-906-шақырым(Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы);

• осы жолдың 970-1135-шақырымы (Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы);

• «Астана – Қарағанды – Алматы» 248-359-шақырым (Атамекен – Ақсу-Аюлы).

Қызылорда облысы 

• «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» 12-216-шақырым(Қызылорда – Ұлытау облысының шекарасы).

Ұлытау облысы

• осы жолдың 216-424-шақырымы (Жезқазған – Қарағанды облысының шекарасы);

• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 24-64-шақырым (Сәтбаев – Жезді);

• осы жолдың 64-137-шақырымы (Жезді – Ұлытау ауылы).

Ақтөбе облысы 

 «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» 965-1153-шақырым (Қарабұтақ – Иргиз).

Жетісу облысы

• «Үшарал – Достық» республикалық маңызы бар автожолы 84-164-шақырым (Көктұма – Достық станциясы).

Ақмола облысы

• «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304-341-шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);

• «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61-шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

• «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 2-50-шақырым арылығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367- шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Келлеровка ауылы);

• «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91-шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін);

• «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50-85-шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Еске салайық, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар