31 қазан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 31 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде халықтың шамадан тыс несие алуын азайту жөніндегі шаралар және Қазақстанда туризмді одан әрі дамыту мәселесі қаралады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы вице-министрі Біржанов Ержан Ерікұлы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Миятов Қайрат Исатайұлы.
Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Ормандарды тұрақты басқару жөніндегі» Қазақстан-Финляндия форумы өтеді.
15.00-де Қазмедиа орталығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастар еңбек нарығында: қажеттілік, мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында пікірталас ұйымдастырады.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.
Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтың қатысуымен Астана қаласының Қазынашылық департаментінде «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша кездесуі өтеді.
15.00-де Парламент Мәжілісінде Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Мәжіліс депутаттарына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске заңнамалық түзетулерді таныстырады.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы сахналанады.