33 жастағы ақтөбелік героин сатқаны үшін ұсталды

АҚТӨБЕ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері «жедел сатып алу» әдісін іске асыруда 0,64-тен 1,13 граммға дейін героин сатқан 33 жастағы ақтөбелікті қолға түсірді.
None
None

Облыстық ІІД брифингте хабарлағандай, санкциялық тінту жұмыстарын өткізу барысында Селиверстов көшесі бойынша орналасқан күдіктінің үйінде

1,19 гр. героин, сондай-ақ 15 мың теңге анықталып, тәркіленді. 

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 259 бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Күдікті бұған дейін осыған ұқсақ бап бойынша істі болған, нашақор ретінде есепке алынған. Қазіргі уақытта ол тергеу абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар