36 мыңнан астам астаналық жаңа жұмыс кестесіне көшті

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 36-38 мыңға жуық адам жаңа жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлады елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Когда утвердят новый график работы в Астане
Фото: Freepik

— Бүгінгі таңда біз 36-38 мыңға жуық адамның, негізінен мемлекеттік, ұлттық, коммуналдық компаниялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері ауысқанын көріп отырмыз, — деді әкім.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жаңа жұмыс кестесіне көшу қорытындысы қараша айының соңына қарай байқалатын болады.

— Біз бұл өзгерістің оң әсері болатынына сенімдіміз, — деп сендірді ол.

Сондай-ақ, қала басшысы кестенің өзгеруімен қатар елордада көлік кептелісіне қарсы шаралар ретінде қоғамдық көлікті дамыту жалғасып жатқанын атап өтті.

— Осы аптада мен барлық жеті автобус паркін араладым. 2,5 жыл ішінде 800-900 автобус ауыстырылды, бұл бүкіл қалалық парктің 40%-ын алады. Келесі жылы тағы 400 автобусты жаңартуды жоспарлап отырмыз. Адамдарды қоғамдық көлікті пайдалануға барынша тартамыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол автобустардың жылдамдығы өткен жылмен салыстырғанда биыл 3,5 км-ге өскенін хабарлады.

— Өткен жылы орта есеппен тәулігіне 800 мың адам автобустарды пайдаланған. Бүгінгі таңда — 1 млн 150 мың, яғни, өсім 300-350 мың жолаушыны құрады, — деді қала әкімі.

Бұдан бөлек, әкімнің мәлімдеуінше, Астанада Айтматов және Тәуелсіздік көшелерінің жалғасы қала маңына дейін жалғасады. Бұл жолдар Мәңгілік ел даңғылын көлік кептелісінен сақтауға көмектеседі. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы кептеліске мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының өзгеруі қалай әсер еткенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар