39 жасар тұрғын героин сатқаны үшін ұсталды

АҚТӨБЕ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Мәртүк ауданының Мәртүк кентінде 39 жасар қала тұрғыны героин сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлады брифингте облыстық ІІД.
None
None

Күдікті бірнеше рет 54 жастағы ақтөбелікке есірткі сатқан. Сатылған есірткінің салмағы 3.68 грамм. Күдікті бұрында да денсаулыққа зиян келтіргені үшін істі болған. Оған қоса, есірткі пайдаланып алып, көлік жүргізгені үшін әкімшілік жазаға кесілген.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабы «Есірткі сатқаны үшін» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар