4 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 4 ақпан сағат 08:00-ден бастап келесі автожол учаскелерінде жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысы шектелді:
Ақтөбе облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240-шақырымы («ЭКО ойл» жанармай құю бекеті – Қызылорда облысының шекарасы аралығы).
Қызылорда облысы
• осы автожолдың 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы аралығы).
Қозғалыс 2026 жылғы 4 ақпанда сағат шамамен 13:00-де жанданады.
Жабық жолдар
Ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектелді:
Ақтөбе облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 11-104-шақырымы (Ақтөбе қаласы – Қандыағаш қаласы);
• осы жолдың 104-250-шақырымы (Қандыағаш қаласы – Қарауылкелді кенті);
• осы жолдың 250-337-шақырымы (Байғанин кенті – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу бекеті)» автожолының 337-346-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.