4 жастағы сәнгер Тамерлан барлық әріпті танып алды

Ақтөбе қаласының тұрғыны Айгерім Бижанова ұлы Тамерлан Сансызбайды 3 жастан бастап сәнгерлік өмірге дайындады. Даун синдромымен дүниеге келген баланы өз бетімен өмір сүруге дайындаған анасы қиындықтарды жалғыз жүріп жеңді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тамерлан көктемде Италияға барды, бренд киімдерді жарнамалады . Сәнгер Тамерлан тағы да екі фотосессияға қатысты. Екеуі де Италияда өтті.
«Италияда сән апталығы өтіп, біз фотосессияға қатыстық. Бір уақытта әлемге әйгілі дизайнерлер соңғы үлгідегі киімдерін көрсетіп, бір тобы фотосессия жасады. Миланда тұратын сән әлемінің өкілі Мила Ануфриевамен арадағы қарым-қатынас жалғасып, біз балалар киімін шығаратын екі компанияның фотосессиясына қатыстық. Италия Тамерланға ұнады, тіпті ауа райы жақсы әсер етті. Денсаулығы жақсарып қалды»,- деді Айгерім Бижанова. Италияның сән әлемі Қазақстан туралы көп білмейді. Сән әлемінде танылған да ешкім жоқ десек болады. Алғашқылардың бірі болып Тамерлан Сансызбай барып, жылына екі рет тұрақты қатысып жүр.
«Фотосессия Милан қаласында өтті. Тамерлан шетелде жүріп қарапайым сәлемдесуді, көңіл-күйін білдіруді үйренді. Еркелігі басылды, айтқанымызды тыңдады. Ол суретке түскен кезде өзін еркін ұстайды. Фотосессия ол үшін ойын алаңы сияқты, кейде бәрін маңызды жұмыс ретінде қабылдайды»,- дейді Тамерланның анасы.
Миландағы фотосессия кезінде Тамерлан Сансызбайды Біріккен Араб Әмірлігінің блогері Ола Фарахат көріп, сүйкімді балаға көңілі ауды. Кейін екеуі бірге суретке түсіп, блогер өз парақшасына Тамерланмен кездесуі туралы жазды. «Бұл бала Даун синдромымен өмірге келген. Біз онымен Миланда кездестік. Ол жігерлі, сүйкімді, жүрегі махаббатқа толы бала. Ол мен көрген кішкентай сәнгерлердің ең сүйкімдісі. Оған қолдау көрсетейік»,- деп жазды блогер. Кездесу кезінде блогер кішкентай сәнгердің отбасын Дубайға шақырды. Кездесу кезінде Тамерлан да блогерге ерекше ықыласын білдірді.
Тамерлан бірнеше күннен соң Ақтөбеге қайта оралды. Қазір ол бассейнге барады, логопедпен жұмыс істейді.
«Бірбеткей, өз мінезі бар бала. Ол кішкентай балаларды жақсы көреді, өзінен кіші балаларға қамқор болады. Қазір ұлым әріптерді таниды. Сөздерді айтсам, оның жазылуын біледі. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Мен Тамерланның қатардан қалмағанын қалаймын. Ол ерекше диагнозбен өмірге келді. Бірақ арнайы балабақша, мектептерде емес, қарапайым балалармен қатар ержетсе деп тілеймін. Ол бір айда әріптерді үйренді. Сол қуантады»,- деді Айгерім Бижанова.
🙋♂️🙇♂️👨⚖
Тамерланның талапшыл анасы енді ұлына қалам ұстауды, жазуды үйретуді қалайды. Ерекше диагнозбен туған балалардың ата-аналары Айгерім Бижановадан кеңес сұрайды, бірақ сол кеңес Тамерленның анасына да қажет. Ол баласын дамытуды, жетілдірудің жолдарын іздейді.
После публикаций с нашими занятиями , многие стали спрашивать о методике💡 по которой мы занимаемся с Тимой. Хочу поделиться с вами не только этой методикой, но и подсказками,😉 так как в начале она скорее всего покажется трудной. И так купив ее я пришла домой и решила, что сейчас Тамерлан начнет говорить, читать и вообще станет вундеркиндом. 😄 Когда на третий день, мои нервы не могли больше выдержать криков и слез , я решила менять подход.Какой я нашла ключ к Тиме - секрет. 😌 Но я думаю каждая мама знает, чем заинтересовать своего ребенка . В общем, когда мы пришли к соглашению , наши занятия пошли на подъем . Уже через несколько уроков , я заметила как он все больше вовлечен в процесс, как у него все лучше получается запоминать. Если признать честно, я не верила что он ее осилит,😔 был страх что из-за синдрома он будет отставать либо чего-то недопонимать, но у нас все получилось!👏👏👏 Это лишний раз доказывает, что если верить в своих детей у них обязательно получится ! Поэтому не решайте за них что они могут осилить, и не ставьте им черту за которую им не нельзя перейти. Оставляйте простор для действий и совместной работы. Конечно именно эта методика не дешевая, обошлась она нам в 26 000, но она того стоит и я совершено не пожалела что купила ее. А кому интересно купили мы @mamina_shkola_umnitsa_aktobe #нереклама
Бижанова 4 жастағы Тамерлан ержеткенде жұмыс істеп, өз күшімен табыс тапса екен дейді. «Балам менсіз де өмір сүретін жағдайға жетсе екен» деп тілейді анасы. Ақтөбеліктер Тамерланды таниды, көрген кезде онымен фотоға түседі. Олардың арасында әкімдер, басшылар бар. Алғашқы кезде тосын қарағанымен, отбасы суретке түсуге ұсыныс жасаған адамдарға қарсы болған емес.