4 жыл ішінде жарамдылық мерзімі бітетін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек пе

АСТАНА. KAZINFORM — ІІМ әлеуметтік желіде алдағы төрт жыл ішінде жарамдылық мерзімі аяқталатын жүргізуші куәлігін міндетті түрде ауыстыру қажет деген ақпарат жалған екенін айтты. 

водительские права
Фото: Kazinform

— Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдағы төрт жыл ішінде жарамдылық мерзімі аяқталатын жүргізуші куәліктерін міндетті түрде ауыстыру қажет деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру тәртібіне қатысты ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Аталған куәлік тек олардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда және қолданыстағы белгіленген тәртіпке сәйкес ауыстырылады. Қосымша талаптар, соның ішінде қайта емтихан тапсыру немесе қандай да бір шектеулер қарастырылмаған, — делінген хабарламада.

4 жыл ішінде жарамдылық мерзімі бітетін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек пе
Фото: ІІМ

Полиция азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға шақырады.

Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. 

Айта кетелік жол полицейі тоқтатқан жағдайда, заңды өкілге жүргізуші куәлігінің электронды нұсқасын ұсыну заңға қайшы ма? Аталған жайтқа қатысты Ішкі істер министрлігі ресми жауап берген еді

Соңғы жаңалықтар