4 жылда 36 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға берді

АСТАНА. KAZINFORM – 4 жылда өзінің қарамағындағы қызметкерінің сотталуы бойынша 36 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға берді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлім етті.

мемқызметші
Фото: freepik.com

Бүгін Сенатта болған баспасөз мәслихатында тілшілер өзінің қарамағындағы қызметкерінің сотталуы бойынша отставкаға кеткен бірінші басшылар туралы сұрақ қойды. Бұл ретте, «лауазымынан кеткен министрлер мен әкімдер» жайында сұралды. 

Өз кезегінде С.Мүксімов осы құқықтық институт 2019 жылғы желтоқсан айынан бастап қолданысқа енгізілгенін еске салды.

- Сол мерзімнен бастап 36 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға берді. Оның 16-сы қабылданды, яғни қызметінен босатылды. Қалғандарына тәртіптік жаза түрінде шаралар қолданылды. Ал осындай отставкадан кейін азаматтардың қайта оралуына мерзімдік шектеулер бар. Бірден мемлекеттік қызметке кіре алмайды. Бұл тұрғыда бір жыл ішінде қайтадан мемлекеттік қызметке оралмайды, - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды.

Мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллектіні арнайы оқиды.

Соңғы жаңалықтар