40 адамның өмірін қиған өрт: курорттағы барда бақылау болмаған
АСТАНА. KAZINFORM — Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы Le Constellation барында 2020 жылдан бері өрт қауіпсіздігі тексерілмеген, деп хабарлайды Анадолы.
Жаңа жыл түні өрт шығып, 40 адам қаза тапқан Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы Le Constellation барында 2020 жылдан бері өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеру жүргізілмеген.
Бұл туралы баспасөз мәслихатында жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.
Олар бұдан былай курорт аумағында бенгаль оттарын пайдалануға тыйым салынғанын атап өтті.
Прокуратураның мәліметінше, өрт бенгаль оттарынан шыққан ұшқындардың төбеге тиюінен тұтануы мүмкін, төбе поролонмен қапталған.
Кран-Монтана қаласының мэрі Николя Феро мекеменің не себепті ұзақ уақыт бойы тексерілмегенін түсіндіре алмайтынын айтты.
Ол қала билігі болған оқиғаға байланысты «өкініш білдіретінін» жеткізді.
Өрт салдарынан 40 адам қаза тауып, тағы 119 адам ауыр күйік пен адам көп жиналған кездегі дүрбелеңнен алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.