5 баланың өлімі: Ақтөбеде жол-көлік апатына себепкер жүргізуші сотталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Самара-Шымкент тасжолында жүк көлігімен қарсы бағытқа шығып, жеңіл көлікке соқтығысқан жүргізуші сотталды. Жол апаты кезінде 8 адам қаза тапса, оның бесеуі бала.

5 баланың өлімі: Ақтөбеде жол-көлік апатына себепкер жүргізуші сотталды
Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьевке қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалына сүйенсек, биыл тамыз айында ол Самара-Шымкент бағытындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде қарама-қарсы келе жатқан «Toyota Ipsum» көлігімен соқтығысады. Көлік ішінде 7 жолаушы болған. Оқиға орнында жүргізуші мен сол жолаушылардың бәрі көз жұмды. Сот отырысы кезінде сотталушы бар кінәні мойындады. 

судья, сот
Фото: Алтынай Сағындықова

— Сотталушы Сергей Соловьев кінәлі деп танылып, оған 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деді судья Алтынбек Сабыров. 

Сот жәбірленушілердің талап арыздарын ішінара қанағаттандырды. Сергей Соловьев 8 жәбірленушіге 55 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.

Еске салсақ, биыл 7 тамызда ірі жол апаты болды. Онда жеңіл көлік ішінде болған адамдар түгел көз жұмды. Арасында Маңғыстау облысындағы жарысқа бала жатқан жас спортшылар болды.

Соңғы жаңалықтар