60 мыңға тарта ақтөбелік азамат тұмауға қарсы екпе алды

АҚТӨБЕ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде азаматтарды тұмауға қарсы иммундеу аяқталды. Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметі бойынша, облыстағы 60,5 мың адам тұмауға қарсы екпе алды.
None
None

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім бастығы Құлары Омарованың айтуынша, жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жағдайы нашар 25 мың адамға екпе тегін жүргізілді.

Ал 24,5 мың ақтөбелік азаматқа ақылы қызмет көрсетілді. Ал жұмыс берушілер тарапынан 11 мың қызметкерге екпе салынды.

Соңғы жаңалықтар