623 оқушы республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалында бақ сынап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңін бастады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

623 оқушы республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалында бақ сынап жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Шара қаңтар айының 27- сіне дейін жалғасады.

— Конкурс 6 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 463 жобамен 623 оқушы қатысады. Байқаудың басты мақсаты — оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдау, сол арқылы елдің зияткерлік әлеуетін дамыту, — делінген хабарламада.

623 оқушы республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалында бақ сынап жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Конкурстың қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады.

Бұған дейін оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсына 1000- ға жуық жоба ұсынғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум