+7 0, +7 6, +7 7: Қазақстанға тиесілі телефон кодтары белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі +7 кодын Қазақстан мен Ресей қалай бөлісетінін айқындайтын қаулы жобасын көпшілік талқылауына шығарып отыр. 

+7 0, +7 6, +7 7: Қазақстанға тиесілі телефон кодтары белгілі болды
Фото: pixabay

— Қазақстан Республикасы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағында +7 0, +7 6, +7 7 код ауқымдарын пайдаланады. Ал Ресей Федерациясына тиесілі код ауқымдары: +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9, — деп жазылған құжатта.

Еске салсақ, былтыр күзде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан неге Ресеймен бірге +7 кодының аумағында қалғанына түсінік берген еді

— Шынымен де дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп (Ресеймен бірге) пайдаланып жатырмыз. Алайда осы жетілік аясында бізде қосымша нөмірлеу бар және ол тек Қазақстанға тиесілі. Бұл тұрғыда «+77», «+76» бар, сондай-ақ қосымша «+70» бойынша келісімге келеміз. Бұл нөмірлеу тек Қазақстанға қатысты болады, — деген Жаслан Мәдиев.

Соңғы жаңалықтар