Бүгін елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 7 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194-1212-шақырым аралығында (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашық.
Сондай-ақ ауа райының жақсаруына байланысты 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 23:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың төмендегі учаскелерінде жылдамдық режимі 90 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін өзгертілді:
Ақмола облысы
• KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы», 30-92-шақырым (Жібек Жолы ауылы – Анар станциясы).
Қарағанды облысы
• KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы», 92-164-шақырым (Анар станциясы – Теміртау қаласы).
Жабық жолдар
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 14 облысында және Астанада ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.