80-ші Венеция кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

РИМ. ТАСС-ҚазАқпарат – Грециялық кинорежиссер Йоргос Лантимостың«Жарлы-бейбақтар» фильмі (Poor Things) 80-ші Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстан» сыйлығына ие болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі америкалық кинорежиссер Дэмьен Шазелл төрағалық еткен халықаралық қазылар алқасының шешіміне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Эмма Стоун мен Уиллем Дефо сомдаған картина жас келіншекті құтқарған ғалым туралы баяндайды. Ол әйелге дүниеге келмеген сәбиінің миын ауыстырып салады.

Үздік ер және әйел рөлдері үшін Вольпи кубоктары: «Естелік» (Мишель Франко, «Memory») картинасына түскен Питер Сарсгаардқа және «Присцилла» (София Коппола, Priscilla) фильмінде ойнаған Кейли Спейнге бұйырды.


80-ші Венеция кинофестивалінің қазылар алқасының Гран-приі – «Күміс арыстан ды» жапон режиссері Рюсукэ Хамагутидің «Айуандық жоқ» (Aku wa sonzai shinai) фильмі алды. Онда адам мен табиғаттың байланысы туралы баяндалған.

Сондай-ақ арнайы сыйлыққа польшалық режиссер әрі сценарийші Агнешка Холландтың «Жасыл шекара» (Zielona granica) фильмі ие болды. Картинада Польша мен Беларусь арасындағы шекараға келген Таяу Шығыс және Африка елдерінің мигранттары туралы айтылады.

Үздік режиссура үшін «Күміс арыстан» италиялық Маттео Гарронге «Мен – капитанмын» (Io Capitano) лентасы үшін тапсырылды. Онда Еуропаға жетуге әрекеттенген сенегалдық екі ұл бала туралы әңгімеленеді.

Үздік сценарий үшін сыйлықты чилилік режиссер Пабло Ларраина «Граф» (El Conde) картинасы үшін алды. Бұл – қара юморға негізделген фильм, онда диктатор Аугусто Пиночет вампира кейпінде көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар