9 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі жолдарда қозғалыс шектелді:

Ұлытау облысы

* «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, 24–137-шақырым (Сәтбаев қаласы — Ұлытау ауылы);
* «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолы, 433-750-шақырым (Жезқазған қаласы — Жаңаарқа кенті).

Абай облысы

* «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы, 778-967-шақырым (Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы).

Алматы облысы

* «Қонаев — Күрті» автожолы, 0-67-шақырым (Қонаев қаласы — Күрті ауылы);
* «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолы, 2295–2436-шақырым (Қаншеңгел ауылы — Ақсай ауылы);
* «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы, 112-124-шақырым (Шеңгелді ауылы — Жетісу облысының шекарасы).

Жетісу облысы

* осы автожолдың 124-234-шақырымы (Алматы облысының шекарасы — Жамбыл ауылы);
* «Сарыөзек — Көктал» автожолы, 3-68-шақырымы (Сарыөзек кенті — Алтын Емел асуы);
* «Үшарал — Достық» автожолы, 84-164-шақырым (Көктұма кенті — Достық станциясы).

Жамбыл облысы

* «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым (Кенен ауылы — Қайнар ауылы). Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысы

* осы автожолдың 0-77-шақырымы (Жайсан бақылау-өткізу пункті — «ECO Oil» жанармай бекеті).

Батыс Қазақстан облысы

* «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолы, 393-526-шақырымы (Жымпиты кенті — Ақтөбе облысының шекарасы).

Павлодар облысы

* «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығы ауданында (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығатын тұс) көпір өткелінің арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

* Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 9 ақпанда Алматыда, Астанада, Шымкентте және Қазақстанның барлық 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар