9 қазан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 9 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Мәжілісте өтетін Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы депутаттар алдында баяндама жасайды.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Дағдарыс орталықтарындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық көмек көрсету» туралы онлайн көрсетілім форматында брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Ораз Жайсанбай.
15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Келешек" бағдарламасын енгізу және шетелдік университеттердің филиалдарын ашу" туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.
16.30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Чехияның Ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборнаның қатысуымен Қазақстан-Чехия бизнес-форумы өтеді.