95 мың теңгенің гүлін ұрлаған Өскемен тұрғыны ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс орталығында полиция қызметкерлері бөтен саяжай учаскесінен раушан мен лалагүл гүлдерін ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлады YK-news.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Полицейлер хабарлағандай, бұрын басы істі болған 35 жастағы ер адам саяжай учаскесіне кіріп, жеті раушан гүл бұтасын және жиырма лалагүл тамырын жымқырды. Саяжай иелері келтірілген залалды 95 мың теңгеге бағалады. Жуырда тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар