990 мың доллар иемденген: Қуандық Бишімбаевтың анасы туысымен соттасып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Бекзат Кемеловаға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Істегі жәбірленуші — Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сотталған бұрынғы министрдің анасы Альмира Нұрлыбекова.
Аталған істі судья Назгүл Бапақова жүргізіп отыр.
Материалдарға сүйенсек, Альмира Нұрлыбекова өзінің туысы Бекзат Кемелованы 990 мың АҚШ долларын (айыптау актісіне сәйкес 453 млн 182 мың 400 теңге) иемденді деп айыптап отыр.
Талқылау басында жәбірленушінің адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан Бекзат Кемеловадан келтірілген шығын сомасын өндіруді сұрады.
Айыптау актісі жарияланған соң судья айыпталушыдан айыппен келісетін-келіспейтінін нақтылады. Бекзат Кемелова өз кінәсін мойындамады.
Қазіргі уақытта сотта жәбірленушінің жауабы тыңдалып жатыр.
Еске сала кетсек, экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев азаматтық некеде болған әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.
Ал оның туыс інісі Бақытжан Байжанов жақында рақымшылықпен бостандыққа шықты.