AAIFF-2026 жеңімпазы Николай Шестак: Астанадағы байқау талантты адамдарға тың мүмкіндік берді

АСТАНА. KAZINFORM — Astana AI Film Festival жеңімпазы Николай Шестактың (Латвия) Астанадағы халықаралық кинофестивалі өзінің өнерін барша әлемге танытуға мүмкіндік бергенін айтты.

Николай Шестак
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Бұған дейін актер болғанмын. Шамамен төрт жыл бұрын режиссурамен айналыса бастадым, ал екі жыл бұрын жасанды интеллект көмегімен фильмдер жасауға кірістім. Фильмде жаман әрекеттер адам өмірін қалайша теріс жағына қалай өзгертетінін көрсеттім, — деді Николай Шестак Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл фестиваль жайында естігеннен кейін, оған қатысуға туралы бірден шешім қабылдаған. 

— Фестиваль тақырыбы менің туындыларыма өте жақын болды. Сондықтан байқауда жеңіске жетуге мүмкіндік бар екенін түсіндім, — деді режиссер.

Басты жүлдені алған режиссер алдағы уақытта кино түсіруді жалғастырып, жүлде қаржысын жаңа жобаларына жұмсайтынын айтты.

Николай Шестак Қазақстанмен жақынырақ танысуды жоспарлап отырғанын сөз етті. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалін ашқан еді.

Байқауға әлемнің 125 елінен 8 067 өтініш түсіп, ол жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдер арасындағы ең ірі халықаралық байқаулардың біріне айналды.

Жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдер фестивалі 1-3 қазан аралығында өтті. 3 қазанда марапаттау рәсімі өтіп, әлемнің әр түкпірінен келген авторлар мен режиссерлер арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды.