Абай атындағы ҚазҰПУ оқу корпустары мен стадионын қайтарып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ ұлттық университетіне оқу корпустары мен стадионын қайтарды.

Абай атындағы ҚазҰПУ
Фото: abaiuniversity.edu.kz

Медеу ауданының прокуратурасы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтады.

— Оқу және тұрғын үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы сауда-саттықты өткізбей және бағалаусыз жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам екі оқу корпусын жеке тұлғаларға заңсыз сатқан. Бірақ та ғимараттардың бірі кейіннен бірнеше жыл бойы университеттің өзіне жалға берілсе, ал екіншісінде ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар спортты бірлесіп дамытамыз деген көз-бояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген.

— 5 жыл бойы футбол алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланған, ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі болмаған. Медеу ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен, мүлік объектілері ұлттық университетке қайтарылды, — деп атап өтті қалалық прокуратура.

Осыған дейін хабарланғандай, БҚО-да прокуратураның араласуымен 468,5 млн теңге мемлекетке қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар